Current Date: 11-09-2025

Жүрекке пайдалы: маман бірнеше өнімді жиі тұтынудың себебін айтты

Жүректің саулығы үшін дұрыс тамақтану өте маңызды. Бұл туралы дәрігер Ольга Уланкина РИАМО басылымына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның пікірінше, жүректі қорғайтын бірде-бір "сиқырлы" өнім жоқ. Десе де кейбір өнімдер өз пайдасын тигізеді.

"Күніне кемінде 500 грамм көкөніс, балықтан, жаңғақтан, өсімдік майларынан алынған пайдалы майлар және ақуыздың қалыпты мөлшерін тұтыну керек", — деп түсіндірді ол.

Ольга Уланкинаның сөзінше, тамырдың қабынуын азайтуға көмектесетін Омега-3 қышқылы жүрекке ең пайдалы заттар қатарында. Маман ол майлы теңіз балықтарында (лосось, скумбрия, сардина) бар екенін айтты. Сонымен қатар, магний мен Е дәрумені де жүрек саулығы үшін өте маңызды.

Еске салайық, бұған дейін жүрек ауруының белгілері айтылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget