Current Date: 14-03-2025

Қытай атом энергетикасын дамытуға күш салады

Қытай атом энергетикасы саласын дамытуға күш салмақ. Көрші ел бірінші кезекте ядролық озық технологияларды енгізуді жеделдетпекші.

Бұл туралы елдің Ұлттық ядролық корпорациясының жетекшісі Лу Течжун мәлімдеді. Қазір осы бағытта арнайы жол картасы әзірленген. Жоспарға сәйкес үш кезеңге бөліп жүзеге асырады. Олар жылу, жылдам және термоядролық реакторлар түрінде болады. Әлемде үшінші буынды Хуалонг-1 жылу реакторлары кеңінен пайдаланылады. Қазір жалпы саны осындай 33 энерго блок бар. 26-ның құрылысы жүріп жатыр. 5-і Қытайда, қалған 2-і өзге елдерде қолданыста. Енді қытайлар реакторлардың өзге түрлерін дамытуға ден қоймақ.