Current Date: 14-03-2025

Солтүстік Қазақстан облысында өзен-көлдерде мұз жару жұмыстары басталды

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Тасқынның алдын алуға бағытталған бұл жұмыстарға 62 млн теңге бөлінді. Аталған сома өткен жылмен салыстырғанда 5 есе көп. Әзірге 49 учаскеде мұз жару жоспарланған. Олар Петропавл қаласы мен Айыртау, Ғабит Мүсірепов, Қызылжар, Тайынша, Ақжар және Уәлиханов аудандарында орналасқан. Мамандар болжамынша Солтүстік Қазақстан облысында 116 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін.

Эльмира Кәленова