Current Date: 14-03-2025

Гватемалада жанартау атқылап, 1000 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Гватемалада Орталық Америкадағы ең белсенді «Фуэго» жанартауы атқылап, мың адам шұғыл түрде қауіпсіз жаққа көшірілді.

Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлаған. Ел астанасының маңындағы 2 ауданды күл басты. Жанартаудың елсенділігі бәсеңдемесе, тағы 30 мың тұрғынды шұғыл көшіру қажет болады. «Фуэго» 2018 жылы атқылап, ыстық күлі Сан-Мигель-Лос-Лотес ауылын басып, 215 адам опат болып, тағы соншамасы із-түзсіз жоғалып кеткен еді.