Қазақстан президенті әкімшілігінде кадрлық ауыс-түйіс болды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Мемлекет басшысының өкімімен:
- Айжан Болатқызы Шайназарова Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
- Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
- Сондай-ақ Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.