Current Date: 14-03-2025

Нұрғиса Тілендиевтің жары өмірден өтті

Сазгер Нұрғиса Тілендиевтің жары өмірден өтті, — деп хабарлайды Massaget .kz тілшісі.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, күйші, сазгер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиева өмірден озуына байланысты қайғыра көңіл айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Құрманғазы Оркестрі (@kurmangazy_orkestri)

"Дариға Тілендиева — ұлттық мәдениетіміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті өнер иесі. Ол Халық қаһарманы, күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің өмірлік жары ғана емес, сазгердің шығармашылық мұрасын сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізген тұлға болды", — деп жазылған хабарламада.

Дариға Тілендиева "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген "Алты жасар Алпамыс", "Құлагер", "Ақ машина", "Жамбылдың жастық шағы", "Қоштасқым келмейді" сынды көркем фильмдері арқылы ұлттық кино өнерінде өшпес із қалдырды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!