Current Date: 14-03-2025

Джастин Трюдо премьер-министр қызметінен кетті

Джастин Трюдо Канада премьер-министрі қызметінен кетті .

Ол қауымдастар палатасынан өзімен бірге орындығын қоса әкетіп, көпшілікке тілін көрсетті. Саясаткер он жыл үкімет басшысы болған. Биыл қаңтарда отставкасы туралы жария етті. Орнына сайлауда 86 пайыз дауыс жинаған Орталық банкінің бұрынғы басшысы Марк Карни келді. Ол АҚШ тауарларына қарымта тариф енгізуге уәде беріп, инвестицияларды дамытуға бел буып отыр. Карни Канада мен Англия банкін 12 жыл бойы басқарды. Біріккен Ұлттар Ұйымының климаттың өзгеруі және қаржы мәселелері бойынша арнайы өкілі болған. Осылайша Карни саяси тәжірибесі жоқ Канаданың алғашқы премьер-министрі атанды.