Сәрсенбі, 12 қаңтарда таңғы уақытта Қазақстанның Түркістан облысында жер сілкінісі тіркелді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-каналында хабарланғандай, Қазақстан ТЖМ "ННЦСНИ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 12 наурызда Астана уақытымен 06 сағат 15 минутта жер сілкінісін тіркеген.
Ошақ Өзбекстан Республикасының аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 684.00 км жерде орналасқан. (Түркістан облысы Келес ауданы Абай ауылынан 16 км қашықтықта).
Есептік қарқындылығы (баллмен):
- Келес ауданының Абай ауылы 3.0 б.
- Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласы 3.0 б.
Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Ешбір ғимарат қирамады.
Осы орайда ТЖМ жер сілкінісі кезіндегі он қарапайым қадамды назарға ұсынды:
- Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- Жер сілкінгенде лифтті, баспалдақты қолданбаңыз;
- Жиhазға, терезеге жақын тұрмаңыз;
- Жасырынатын жерді табыңыз — жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында жасырыныңыз;
- Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); көп қабатты үйлерде жер сілкінісі аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
- Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндік болса, өшіріңіз;
- Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- Электр желілерден, ғимараттан, ағаштардан аулақ болыңыз;
- Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
- Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
Еске салсақ, сейсенбі, 11 наурызға қараған түні Қазақстанның оңтүстік-шығысында – Жетісу өңірінде жер сілкінген еді. Зардап шеккендер жоқ.
Сондай-ақ Қазақстан "Сейсмологиялык зерттеу институты" сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 8 наурызда Астана уақытымен 08 сағат 29 минутта жер сілкінісін тіркеген болатын.