Current Date: 14-03-2025

Экономиканың нақты секторын қаржыландыру ұлғайтылады

Екінші деңгейлі банктер бизнесті қаржыландыруға құлықсыз. Яғни ұзақ мерзімді несиелеудің жетіспеушілігі экономиканы іркіліске әкеп соғады. Үкімет отырысында премьер-министр сауда және тұтыну несиелерімен ғана шектелетін банктерге шүйлігіп, оларды өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық ірі жобалармен де жұмыс істеуге шақырды. Таяқтың бір ұшы мемлекеттік органдарға да тиді. Олжас Бектенов олардың сылбырлығын сынға алды. Сондай-ақ жиында жағымды көрсеткіштер де сөз болды. Мәселен биыл кемінде 19 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетіні айтылды.