Қазақстан Орталық Азияның ірі транзиттік хабына айналатын күн алыс емес. Биыл 10 айда ел аумағы арқылы 955 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8% көп. Ресми статистика осындай. Десе де бұл аздық етеді. Транзиттік әлеуетті арттыру үшін елде 5 трансшекаралық хаб іске қосылады.



