Current Date: 01-05-2025

Қазақстанның жалпы ішкі өнімі екі айда 5,4% өскен

Қазақстанның жалпы ішкі өнімі екі айда 5,4%-ке өскен. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Жыл басталғалы өнеркәсіп өндірісі 5,7%-ке артқан. Ал өңдеу өнеркәсібінде 8,9%, машина жасауда 18,2%, құрылыс материалдары өндірісінде 21,6% және химия өнеркәсібінде 9%-ке өсім байқалды. Сондай-ақ елде құрылыс саласында атқарылған жұмыстар көңіл көншітеді. Бүгінде экономиканы әртараптандыру – ел дамуындағы маңызды бағыт. Бұл ретте Үкімет басшысы Олжас Бектенов экономикалық өсімді бәсеңдетпеуді, белгіленген межеге қол жеткізу үшін жұмысты күшейтуді тапсырды.