Current Date: 14-03-2025

Заң мен тәртіп: мамандар жастарға алаяқтардан сақтану жолын түсіндірді

Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері жастармен кездесіп алаяқатрдан сақтанудың жолдарын түсіндірді.

Шынайы ақпаратты ажырата білу қажеттігін айтты. Мамандар күмәнді сілтемелер мен, уәдені үйіп төккен жарнамалардан абай болуды ескертті. Былтыр департамент мамандары есірткі контрабандасына қатысты 57 заңсыз әрекетті анықтап, зиянды затты өндірген бірнеше зертхананы жойған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған «Заң және тәртіп» қағидаты аясында қаржылық пирамида және интернет алаяқтықпен күрес күшейген.

Жақсылық Мырзахан, Алматы қ. бойынша экономикалық тергеп тексеру департаментінің өкілі:

- Әлеуметтік желілерде көбінесе жарнама ретінде шығады. Ол жарнаманың өзінде мынау үлкен лауазымды тұлғалардың суреттерін қойып қояды. Одан бөлек танымал адамдардың суреттерін қойып қояды. Солардың шынымен жарнамалап жатқаны шындық екен деп біздің қарапайым азаматтар өздерінің қаражаттарын салып қойған фактілері бар.