Түркістан қаласында «Достық көпірі» атты қазақ-өзбек жастарының форумы өтті.
Іс-шараға қос елдің мемлекеттік орган өкілдері мен жетекші мамандар, белсенділер және жас кәсіпкерлер қатысты. Халықаралық кездесудің мақсаты – жұмысшы мамандықтардың дамуын талқылау, кәсіптік білім беру және жұмыспен қамту саласындағы негізгі мәселелер мен перспективаларды анықтау, сондай-ақ мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін көршілес елдер арасында ынтымақтастық орнату.Форумға қатысушылар еңбек нарығына жасанды интеллекттің әсерін ерекше атап өтті. Олар жұмысшы мамандықтардың жаңа технологиялық жағдайларға бейімделуін талқылап, еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшыларды әлеуметтік қорғау шараларын күшейту бойынша өз ұсыныстарын ортаға салды.