Current Date: 15-03-2025

Театр өнеріне қызығушылық танытушылар қатары артып келеді

Елімізде театр өнеріне қызығушылық танытушылар қатары артып келеді.

Зал көрерменге лық толып, қойылым премьераларына билеттер екі-үш апта бұрын сатылып кетеді. Сахна өнеріне құштар жандардың арасында жастардың көп болуы да көңілге ерекше қуаныш ұялатады. Мемлекет басшысы Бурабай баурайында өтіп жатқан Ұлттық құрылтай отырысында осылай деп мәлімдеді. Өнердің бұл түрі де табыс әкелетінін, дәлелдеп жүрген жеке театрлар аз емес. Сондықтан президент бизнес өкілдерін аймақтағы театрларды белсенді түрде қолдауға шақырды.

ЦИТАТА: Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

"Қазір Қазақстанда 46 аймақтық театр бар. Алайда оның көпшілігінің жай-күйі мәз емес. Мысалы, Семейде бір ғимаратта үш бірдей театр сығылысып отыр. Әсіресе аймақтарда театрларды дамытуға баса назар аудару керек. Халқымыздың мәдени әралуандығын сақтауға мүмкіндік беретін орыс және басқа да ұлттық театрларды қолдау маңызды".