Current Date: 16-03-2025

"Көлік қатынасы тоқтады": Ақтөбеде бүтін бір аудан орталығының халқы қайықпен қатынауға мәжбүр

Ойыл ауданының орталығында тұрғындар өзеннан қайықпен өтіп жатыр. Қатынас уақыты — 08:00-19:00 аралығы, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ойыл ауданында кеше өткел бұзылған. Оның орнына уақытша өткел салынғанымен, ол көпке ұзамай қайта бұзылды.

"Ойыл өзені арқылы өтетін уақытша өткелді бұзуға байланысты көлік қатынасы тоқтатылды. Қазіргі таңда тұрғындарды қайық арқылы өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қайық арқылы өткізу таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 19:00-ға дейін жалғасады.

Уақытша өткел жанында арнайы техникалар мен жергілікті атқарушы органдар, Төтенше жағдайлар департаментінің кезекшілік пункті ұйымдастырылды, — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.