Current Date: 16-03-2025

Неліктен мүлік иелері бірлестігінің жұмысына қатысты шағым көп?

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Парақорлыққа, жемқорлыққа байланысты мәлімет күнде дерлік тарайды. Талдықорғанда Жетісу облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы парамен ұсталды.

Ол «ТАТЭК» акционерлік қоғамының лауазымды өкілінен 2025 жылға арналған электр қуатының тарифі мен тарифтік сметаны көтергені үшін 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінген.

Тариф демекші, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына қатысты заң жобасы Мәжілісте талқыланып жатыр. Бұл саланың тозығы жеткені, әбден «шаршағаны» мәлім. Инженерлік инфрақұрылымның, құбырлардың ескіргені өз алдына, оны басқару ісінде де береке аз.

Бір жағы тоқтамай өсе беретін тарифтер, екінші жағынан жұмысы күңгірт меншік иелері бірлестігі. Осы тұста бір мәселе қылтияды: өзін-өзі басқару формасына деген көзқарас. Меншік иелері бірлестігі немесе пәтер иелері кооперативі деп аталсын маңызды емес, бұл бірлестік біздің өзара пәтуаға келу деңгейімізді, жұмысты мөлдір етіп істеуге қаншалықты дайын екенімізді көрсетеді.

Ал ең соңында өйтпей ме, бүйтпей ме деп ренжіп отырамыз.

Елдос Есенболдың материалы.