Current Date: 17-03-2025

Италияда Навальныйға ескерткіш тақта орнатылды

16 наурыз күні Италияның Милан қаласында Ресей оппозициялық саясаткері Алексей Навальныйға ескерткіш тақта ашылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ашылу салтанатына Милан қалалық кеңесінің басшысы Елена Бушеми және қала шенеуніктері, сондай-ақ Навальныйдың қызы мен саясаткердің серіктестері қатысты.

«Әкем сондай мықты адам еді. Сіздер үшін ол керемет көшбасшы болса, менің жадымда мейірімді, көңілді сүйікті әке ретінде есте қалды»,—деді Дарья Навальная.

Айта кетейік, итальян тілінде ойып жазылған тақтайшада саясаткердің аты-жөні мен қайтыс болған күні, сондай-ақ оның «Егер олар мені өлтірсе, берілме» деген сөзі жазылған.

Алексей Навальный — оппозиционер, заңгер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қорының негізін қалаушы. Саясаткер 2024 жылғы 16 ақпанда Ямал-Ненецкий округіндегі колонияда көп жұмды.