Current Date: 17-03-2025

"Ұя бұзған әйел": Дана Нұржігіт Тұрсын Алагөзовты әйелінен тартып алған Баян Мақсатқызы туралы

Белгілі тележүргізуші, журналист Дана Нұржігіт Баян Алагөзова туралы ел күтпеген мәлімдеме жасап, көптің қызу талқысына түсті.

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Тележүргізуші танымал продюсер Баян Алагөзова туралы пікірін өзінің жеке парақшасында жазды.

«Ел ішінде есімі қарама қайшы пікір тудыратын адам. Біреу алғыс айтса, енді біреу Алагөзоваға қарғыс жаудырып жатады.

Ұя бұзған әйел деп одан сырт айналғандар да бар, өз бақыты үшін зорлыққа қарсы тұрған деп Баянды үлгі тұтатындар да жетерлік.

Кәсіби жолы да, адами тағдыры да көп алдында өтіп жатқан Баян енді өз өмбаянын мюзикл етіп, сахнаға шығарды. Сол қойылымнан кейінгі сұхбатты көріңіз! “Queen” шоудан кейін не бар?», — деп жазды ол.