Current Date: 17-03-2025

Алты жылда ел экономикасына $130 млрд тікелей шетелдік инвестиция тартылды

Экономикаға 130 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды, деп хабарлайды 24kz.

Бұл – серпінді дамуға қажетті маңызды шарттардың бірі. Қазір шетелдік кәсіпкерлер тарапынан көрсетіліп отырған елдің экономикалық әлеуетіне деген үлкен сенімді жоғары рейтингтер растап отыр.

Атап айтқанда, 2024 жылы Қазақстан Moody’s агенттігінің «Тұрақты» болжамымен өз тарихындағы ең жоғары Baa1 рейтингіне ие болды. Халықаралық S&P, Fitch рейтинг агенттіктері де Қазақстанның несиелік рейтингін инвестициялық сенімділік деңгейінде растады. Шетелдік серіктестер өңдеу өнеркәсібі саласына көбірек инвестиция сала бастаған. Оның көлемі 72,7 миллиард долларға жетті.