Ифрақұрылымды жаңарту, газбен жабдықтау және жол құрылысымен қатар адамдарды төтенше жағдайлардан қорғау да маңызды.
Қайғылы оқиғалар тізбегі төтенше жағдай қызметтерінің материалдық-техникалық жарақтандыру ісінің түйткілді мәселелерін ашып берді. Президенттің тапсырмасы бойынша апаттық-құтқару жұмыстарын шұғыл әрі тиімді жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи апаттық-құтқару техникалары, құрал-жабдық үлгілері сатып алынды. Кейінгі алты жылда жабдықталу деңгейі 53%-тен 64%-ке дейін өсті және одан әрі өсе бермек. Аталған шаралар төтенше жағдайларға қарсы дайындық деңгейін жақсартып қана қоймай, сонымен бірге қоғамдық қауіпсіздікті де арттыруға ықпал етеді. Халықты құлақтандыру жүйесі сияқты жаңа технологиялар қолданыла бастады.