Current Date: 17-03-2025

Көкшетауда «Балаңыз енді оянбайды» деп алаяқтар жалған ақпарат таратқан

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Көкшетауда алаяқтар балабақша тәрбиешісінің телефонын бұзып, ата-аналарға жалған ақпарат таратқан. Әлеуметтік желіде жантүршігерлік хабарлама алған ананың жазбасы жарияланды. Оның айтуынша, ұлын ұйқыдан кейін ертерек алып кетпекші болып тәрбиешіге хат жазған. Нәтижесінде «балаңыз енді оянбайды, оны Милана терезеден итеріп жіберді» деген жауап алған. Ол бірден балабақша директорына телефон шалады. Сонда ғана хабарламаның жалған екенін, оны тәрбиеші телефонын бұзып кірген алаяқтардың жібергенін біледі. Осындай үрейлі хабарламаларды басқа да ата-аналар алған көрінеді. Облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Бибінұр Әмірханқызы