Павлодарда «Жасыл ел» еңбек жасағына арналған аллея ашылады.
Бұл туралы «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өткен «Шекарасыз экология» дәрісінде айтылды. Пікірталас түріндегі танымдық дәрісті эколог-сарапшы Юрий Гашек жүргізді. Шара кезінде қатысушыларға емен ағашының тұқымы егілген пластик ыдыс таратылды. Студенттер бір жарым айдан кейін жас өскінді саябақтар мен үй аулаларына егеді. Ұйымдастырушылар өсімдікке күтім жасап үйренген жастар табиғатқа жанашырлықпен қарайды дейді. Орман қорын ұлғайтуға да үлес қосады деген сенімде.
Арина Краскова, «Жасыл ел» жасағының қалалық штаб командирі:
- Бұл жастарды экологиялық бастамаларға тартып, қоршаған ортаға саналы көзқарас қалыптастыруға арналған іс-шара. Қатысушылар танымдық дәрістен алған білімін тәжірибе жүзінде қолданады. Біз биыл «Жасыл ел» аллеясын ашуды жоспарлап отырмыз. Ол мектеп оқушылары мен студенттердің көмегімен жүзеге асқан.
Юрий Гашек, эколог-сарапшы:
- Өкінішке орай, біздің өмір сүру дағдымызда табиғатқа орасан зор зиян келтіретін жағдайлар кездесіп жатыр. Сондықтан қоршаған ортаны сақтаудың маңыздылығын өскелен ұрпақ санасына ерте бастан сіңіруіміз керек. Бұл біздің ең басты міндетіміз.