Current Date: 18-03-2025

Әскери боксшы әлем чемпионатында алтын олжалады

Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты аяқталды. Сайыстың нәтижесінде Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының қызметшісі Алуа Балқыбекова 50 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шешуші жекпе-жекте ол Қытай құрамасының қызы Ху Мэйді 5-0 есебімен ұтты.

Бұған дейін Алуа Солтүстік Кореялық Ан Кум, кениялық Вероника Нзива, морокколық Ясмин Мутаки мен түркиялық Айсен Ташкинді жеңген болатын. Айта кету керек, Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы атанған.

Айта кетейік, бұл Алуаның әлем чемпионатындағы алғашқы алтыны.