Current Date: 18-03-2025

Елімізде Құрбан айт мерекесіне байланысты мектептегі емтихандардың күні ауыстырылады

Қазақстанда Құрбан айт мерекесіне байланысты мектептегі емтихандардың күні ауыстырылады. Тиісті бұйрық жобасы қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұйрық жобасы бүгін, 18 наурызда жарияланған. Талқылау 7 сәуірге дейін жалғасады.

"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің ақпаратына сәйкес 2025 жылы 6 маусым ресми мереке – Құрбан айттың бірінші күні болып саналады. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 84-бабының 5-тармағына сәйкес бұл күн демалыс күні болып есептеледі.

Осыған байланысты емтихан күнін ауыстыру бойынша, сонымен қатар білім алушылардың консультациялар алуына қолайлы жағдайлар жасау, қорытынды бақылау нәтижелерімен келіспеген жағдайда апелляциялық комиссияға жүгіну мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатын көздейтін "Орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы" 2024 жылғы 10 шiлдедегi № 174 бұйрығына өзгерістер енгізіледі", — делінген бұйырық жобасына қоса берілген баспасөз хабарламасында.

Авторлар қорытынды аттестаттауды өткізудің жаңа мерзімдерін бекітуді ұсынған. Министрлік ұсынған мерзімдерді мына жерден біле аласыз.