Елде « Қарызсыз қоғам» жобасы арқылы 850 мыңға жуық тұрғын қаржылық сауатын арттырды, деп хабарлайды 24kz.
Жобаға қатысқандардың 40%-і қарыз жүктемесі мен несиелер санын азайтқан. Алайда халықты интернет-алаяқтардың әрекетінен қорғап, қаржы пирамидаларынан зардап шеккендерге көмек көрсету мәселесі өзекті болып отыр. Осы мақсатта «AMANAT» партиясы мен Қаржылық мониторинг агенттігі өзара ынтымақтастық туралы меморандум бекітті. Құжатқа партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек пен агенттік төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов қол қойды. «Қарызсыз қоғам» жобасы қарызға, қаржылық тұрақсыздық мәселелеріне тап болғандарды қолдаудың тиімді тетігіне айналды. Жоба жүзеге асырылған екі жыл ішінде заңгерлер 70 мың адамға көмек көрсетті.