Current Date: 18-03-2025

Жарты жылда 6,1 млн тонна дәнді дақыл экспортталды

«ҚТЖ» АҚ арқылы 2024 жылғы қыркүйек пен 2025 жылғы наурыздың 10 күні аралығында 7,7 млн тонна дәнді дақыл тасымалданды, оның ішінде 1,6 млн тоннасы ел ішінде, ал 6,1 млн тоннасы экспортқа жөнелтілді. Экспорт көлемі 52,8%-ға артты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

АШМ мәліметінше, Өзбекстанға 2,3 млн тонна жөнелтіліп, 2023/2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 32%-ға өсті.

Тәжікстанға – 899 мың тонна (+50%), Ауғанстанға – 256 мың тонна (+37,6%), ал Қырғызстанға жеткізілімдер 1,7 есеге артып, 76 мың тоннадан 233 мың тоннаға жетті. Иранға жөнелтілімдер 17,5 есеге артып, 718 мың тоннаны, Әзербайжанға – 94,7 есеге артып, 379 мың тоннаны құрады, — делінген мәліметте.

Айта кетейік, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 10,6 млн тонна дәнді дақыл тасымалданды, оның ішінде 2,5 млн тоннасы ел ішінде, 8,1 млн тоннасы экспортқа шығарылды. Сондай-ақ 3,2 млн тонна ұн тасымалданды, оның ішінде 817 мың тоннасы Қазақстан ішінде, ал 2,4 млн тоннасы экспортқа шығарылып, 3%-ға өсті.