0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
АҚШ пен Ресей президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы соғысты тоқтату мәселесін талқылады.
Бір жарым сағатқа созылған келіссөздердің негізгі нәтижесі сол – Путин Украинаның энергетикасы мен инфрақұрылымына соққы беруді 30 күнге тоқтатуға келіскен.
Президент Владимир Зеленский мұнымен келісетінін айтқанымен, әңгіменің егжей-тегжейін білу үшін Трамппен сөйлесетінін жеткізді.
Путиннің мәлімдеуінше, ымыра толық жүзеге асуы үшін АҚШ Украинаға қару беруді доғаруы керек. Бірақ Трамп ресейлік әріптесімен бұл проблеманы қозғамағанын айтты.
«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Трамп пен Путин Украинада атысты біржолата тоқтатып, ұзақмерзімдік бейбітшілік орнату үшін келіссөздерді әрі қарай жалғастыруға уағдаласқан.
Арыстан Рысбек