Түркістан облысында полицей қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.
"Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Түркістан облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Қанат Ғабитовтың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына қажет қолдауды көрсетеді", — деп жазды министр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Саденов Ержан Сапарбекович (@sadenov_online)
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында полиция қызметкері қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты.
Оған дейін Алматыда жанжал кезінде жарақат алған полицей ауруханада көз жұмғаны хабарланды. Кейін Астанадағы спорт кешенінде де полицей қайтыс болды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!