Елордада халықаралық әуежай өкілдері eGov және өзге де электронды сервистерді пайдалануға уақытша шектеу енгізілуіне байланысты жолаушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әуежайдың баспасөз қызметі 20 наурыздан 21 наурызға қараған түні (23:00-ден 08:00-ге дейін) "Ұлттық ақпараттық технологиялар" компаниясы техникалық жұмыс жүргізетінін еске салды.
"Осы кезеңде eGov порталы, eGovmobile мобильді қосымшасы және басқа да электрондық сервистер, соның ішінде "Цифрлық құжаттар" сервисін пайдалану мүмкін емес.
️Егер рейсіңіз осы уақыт аралығында жоспарланса, рейске тіркелу және тексеруден өту кезінде қолайсыздық туындамас үшін құжаттардың түпнұсқасын (жеке куәлік, төлқұжат және т.б.) өзіңізбен бірге алып жүруді ұсынамыз", — делінген халықаралық әуежайдың Telegram-дағы арнасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтарға мемлекеттік электрондық сервистерді пайдалануға уақытша шектеу енгізілетіні хабарланған болатын. 20 наурыздан 21-іне қараған түні eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы істемейді.