Current Date: 20-03-2025

«Медеу» мұз айдынындағы сырғанау маусымы ұзартылды

Биыл «Медеу» таулы мұз айдыны маусымды әдеттегіден он күн өткен соң, яғни 25 наурызда аяқтайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық әкімдігінің мәліметінше, жаппай сырғанауды ұзарту туралы шешім Наурызды мерекелеу құрметіне және алматылықтардың мұзда сырғанауға деген ерекше сүйіспеншілігін ескере отырып қабылданды.

Әдетте маусым 15 наурызда аяқталады. Биылғы жылы мереке күндері мен жоғары сұраныстың арқасында мұз айдыны тағы он күнге ұзағырақ жұмыс істейді.

Көктемгі жылынудың басталуына және мұздың сапасына әсер ететін күн қызуының жоғарылауына байланысты жаппай сырғанау тек кешкі уақытта жүзеге асырылады:

Жұмыс кестесі:

Жұмыс күндері-17:00-ден 20:00-ге дейін

Демалыс және мереке күндері – 17:00-ден 20:00-ге дейін және 21:00-ден 24:00-ге дейін.