Түркияның Анкара қаласындғы шеру полициямен қақтығысқа ұласты, деп хабарлайды 24kz.
Қала көшелеріне шыққан жұрт Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлуның тұтқындалуына наразылық білдірген. Елдегі танымал оппозиция саясаткеріне лаңкесттік ұйымға жәрдем берді, пара алды деген секілді бірнеше бап бойынша айып тағылып отыр. Билікке қарсы ұрандатқандарды тарату үшін полиция көз ашытатын газ қолданған. Зардап шеккендер туралы әзірге ешқандай ақпарат жоқ.