Current Date: 20-03-2025

АҚШ Федералдық резерв жүйесі пайыздық мөлшерлемені өзгертпеді

АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі базалық мөлшерлемені өзгерткен жоқ, деп хабарлайды 24kz.

Оның деңгейі бұрынғысынша 4,25% бен 4,5% аралығында қалды. Дегенмен аталмыш орган инфляцияны 2%-ға дейін төмендетуді көздеп отыр. Ол үшін айналымдағы ақша массасының үлесін азайту қажет. Кейінгі айда Құрама Штаттарда инфляция қарқыны біршама бәсеңдеген. «Бұл жолғы жиында базалық мөлшерлемені өзгертпеудің басты себебі де осы болды», — дейді Федералдық резерв жүйесінің төрағасы Джером Пауэлл.