Current Date: 20-03-2025

Антикор: Арғын Нығматулин тергеу басталмай тұрып Қазақстаннан кетіп қалған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев сенат кулуарында Арғын Нығматулинге қатысты іске пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дархан Құрақбаев Арғын Нығматулинге қатысты тергеуді басқа ведомство жүргізіп жатқанын, ал Антикор тек іздеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын еске салды.

"Біз оның тергеу басталмай тұрып, көп уақыт бұрын Қазақстаннан кетіп қалғанын білеміз. Ол – Қазақстанда жоқ. Оны іздеу және қайтару бойынша шаралар жүргізіліп жатыр. Іздеу жұмыстары барлық елде жүргізіліп жатыр – оған мемлекетаралық іздеуде жарияланған", — деді спикер.