Бақыт индексі рейтингісінде Қазақстан ТМД елдері арасында көш бастады, деп хабарлайды 24kz.
Жыл сайынғы World Happiness Report рейтингінде Қазақстан 43-орынға ие болды. Ол Өзбекстаннан 10 орынға, Ресейден 13, Қырғызстаннан 32 орынға жоғары тұр. Былтыр Қазақстан бұл тізімде 49-орынға көтерілген болатын.
Айта кетейік, World Happiness Report – бұл Gallup, Біріккен ұлттар ұйымы және Оксфорд университеті жыл сайын жариялайтын рейтинг. Онда 140-тан астам елдегі бақыт индексі есептеледі. Бақыт индексі жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім, әлеуметтік қолдау, өмір сүру ұзақтығы, еркіндік, жомарттық және азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін, сонымен бірге респонденттердің өмірге қанағаттанушылық деңгейін анықтау арқылы есептеледі. Қазақстанда 2019 жылдан бастап өмір сүру ұзақтығы 73-тен 75 жасқа дейін ұзарды. Жалпы өлім-жітім 7,8%-ке, ана өлімі 26,3%-ке, нәресте өлімі 15,8%-ке төмендеді. Премьер-министр Олжас Бектенов Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттік қызметінің алты жылдығына арналған мақаласында жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім екі есеге жуық өскенін атап өткен еді.