Current Date: 21-03-2025

Евгений Кошкин конькимен жүгіруден жеңіске жетті

Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының спортшысы Евгений Кошкин Нидерландтың Леуварден қаласында өткен Zilveren Bal ірі турнирінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол 100 метр қашықтықта қарсыластарына дес бермеді.

Финалда Евгений Кошкин польшалық Марек Кания мен америкалық Джордан Штольцты артқа тастап, бірінші орынға ие болды.

Айта кетейік, бұл турнир дәстүрлі түрде ең үздік спринтерлер арасында өтеді.