Current Date: 21-03-2025

1 миллионға жуық жас бір мезетте күй тартты

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Наурызнама» іс-шаралары аясында еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Күй күмбірі» республикалық челленджі өтті, деп хабарлайды Egemen .kz.

Дәстүрге деген сүйіспеншілік мектеп оқушылары мен балабақшалардың ең жас тәрбиеленушілерін және колледж студенттерін біріктірді. Челлендждің ең кішкентай қатысушысының жасы 4-те, ол – Қостанай облысына қарасты Қарабалық ауылының «Айналайын» балабақшасының тәрбиеленушісі Жұмабек Самир.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Алматы қаласының Бостандық ауданының 1000 оқушысы бір мезгілде ашық аспан астында күйлерді орындаса, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының оқушылары қобыз, дауылпаз сияқты ежелгі ұлттық аспаптарда танымал композициялар орындады.

Еске салайық, «Күй күмбірі» челленджі – 2023 жылы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Наурыз мейрамы қарсаңында өткізілген ауқымды республикалық акция. Мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік мәдениет пен патриотизмге тәрбиелеу, елдің мәдени мұрасын сақтау және балалар арасында домбыра аспабын насихаттау.

оқу-ағарту министрлігі