Current Date: 21-03-2025

Алматы – Наурызбен қайта қауыштырған қала. LIVE

Алматы жұртшылығы Ұлыстың ұлы күнін асыға күтеді. Кеңес үкіметі Наурызды діни мейрам, ескінің сарқыншағы деп оны тойлау рұқсат бермеген. Содан кейін араға жарты ғасырдан астам уақыт салып, қазақты Наурызбен қайта қауыштырған да осы әсем қала. 1988 жылы қала тұрғындары Наурызды тойлау үшін орталық демалыс бағына жиналған . Көш керуенді де сол кезде алғаш көрген.

Содан бері әз-Наурыз халқымыздың ең басты мерекесіне айналды. Биыл алматылықтар Наурызды қалай тойлап жатыр екен?