Current Date: 27-03-2025

Белгілі сценарист Нұрлан Санжар жансақтау бөліміне түсті

Танымал сценарист Нұрлан Санжар өкпенің қатерлі ісігіне шалдығып, бүгін жансақтау бөліміне жатқызылды. Бұған дейін ол осы дертпен ауырып , ауруханаға түскен болатын.

Киносценарист, жазушы және философия ғылымдарының кандидаты Нұрлан Санжар Еуропадағы Lambert академиялық баспасынан алты ғылыми кітабы жарық көрген ғалым. Ол “Жошы”, “Бату”, “Періште”, “Қызыл қар” романдарының авторы, сондай-ақ баспадан шықпаған тоғыз қолжазбасы бар. Киносценарист ретінде қазақ кино өнерінде өзіндік із қалдырған Нұрлан Санжардың “Оралман”, “Өліара”, “Аллажар” фильмдері ұлттық кинематографияның маңызды шығармаларына айналды.

фото: kazakhfilm