Current Date: 21-03-2025

Наурызнама аясында 100-ден аса ауқымды шара өтеді

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Алматыда да Наурыз тойланып жатыр. Өнер саңлақтары қатысқан «Алматы – Наурыз құшағында» деп аталатын концерт өтті. Қала тұрғындары мен қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мегаполисте Наурызнама аясында 100-ден аса ауқымды шара жоспарланған. Мереке ортасынан әріптесім Қуан Нұрақын жалғастырады.

Қуан Нұрақын, тілші:

Біз қазір Алматыдағы Астана алаңындамыз. Өздеріңіз көріп тұрғандай бұл жерде таңнан үлкен шоу, ауқымды концерт өтіп жатыр. Жиналған халық та көп. Қазір тұрғындардың пікірін білсек.
- Сәлеметсіздер ме! Мереке құтты болсын! Көңіл-күйлеріңіз қалай?
- Өте керемет, өте тамаша! Қазақтың наурызы әрқашан да керемет қой. Наурыз айы жақсылық, бірлік, ынтымақ алып келсін!

Қуан Нұрақын, тілші:

Панфилов көшесі де бүгін думанға толы. Осы инновациялық кеңістікте келушілер Наурыз мейрамы туралы толық ақпаратпен таныса алады. Сондай-ақ осындай роботтар келушілерге ерекше көңіл-күй сыйлап, наурыз мерекесімен құттықтап жатыр. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Құтты болсын!

Қуан Нұрақын, тілші:

Наурызнама аясында Алматы қаласы бойынша 100-ден аса ірі шара өтеді. Мерекенің тағы бір ерекшелігі ертең осы алаңда Абай әндерінен ауқымды хор ұйымдастырылады. Яғни 5000-нан аса адам ұлы ойшылдың әндерін бірге шырқайды. Ұйымдастырушылар бұл шараның рекордтар кітабына енуі мүмкін екенін айтады.

Қуан Нұрақын