Current Date: 22-03-2025

Abay Open: Абай облысында дзюдодан алғаш рет республикалық турнир өтті

Абай облысында дзюдодан алғаш рет Abay Open республикалық турнир өтті, деп хабарлайды 24kz.

Оған еліміздің әр өңірінен келген 300-ден астам татами шебері қатысты. Олар төрт салмақ дәрежесі бойынша өзара үздігін анықтады. Турнирдің ашылу салтанатында осы спорт түрін дамытуға өлшеусіз үлес қосқан Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Айдар Қайырбаев пен Виталий Сопов «Дзюдо тарланы» төсбелгісі және Қазақстан дзюдо федерациясының алғыс хатымен марапатталды. Байрақты бәсекені дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып отыр.

Айбек Имашев, Қазақстан дзюдо федерациясының атқарушы директоры:

- Бұл жердегі спортшылардың басты мақсаты – дзюдо спортында жас резервтің өсуі. Әлемдік ареналарға мықты балуандардың іріктеліп шығуы. Яғни, ұлттық құрама сапына енбей қалған жас спортшыларымыздың ішкі бәсекелестікте өздерін дәлелдейді. Ұлттық құрама сапымен бірге оқу жаттығудан өтіп жарыстарға қатысуға мүмкіндік алады.