Current Date: 26-03-2025

Түркияда наразылық бесінші түн жалғасты

Түркияда оппозицияның наразылығы бесінші түн жалғасты. Ыстамбұлда ондаған мың адам қалалық әкімдік жанына жиналып, шаһар мэрі Экрем Имамоғлұның қамауға алынғанына қарсылық білдірді.

Полиция ағыны қатты су мен бұрыш шашып, бірнеше белсендіні ұстады. Оппозициялық Республикалық халық партиясының басшысы Үкіметті жақтайтын іс-шараларға қарсы бойкот жариялауға шақырған. Шерушілер «Біз Мұстафа Кемалдың әскеріміз» деп ұрандатты. Республикалық халық партиясының негізін қалаған Түркияның тұңғыш президенті Ататүрік болатын. Қақтығыс ел астанасы Анкарада да жалғасты. Полиция ереуілшілерге су шашып, басты көшеден ығыстырған. Елде көшеге жиналуға арналған тыйым тағы 4 күнге ұзартылды. Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлұ 4 күн тергеліп, қамауға алынды. Ол 19 наурызда тыйым салынған ұйымдармен байланыс жасап, жемқорлық әрекетке барды деген айыппен ұсталды. Дегенмен қазіргі жағдайға қарамастан Республикалық халық партиясының 2028 жылы өтетін президенттік сайлауға үміткерді таңдау бойынша праймеризі өтіп жатыр. Тізімде Ыстамбұл мэрі Экрэм Имамоғлұ жалғыз кандидат ретінде көрсетілген.