Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия президентін тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақорданың мәліметінше, президент Астана мен Афина арасындағы достықты атап өткен.
“Президент өзара түсіністікке негізделген көпқырлы ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтті. Сондай-ақ бірлескен күш-жігердің арқасында елдеріміздің серіктестігі болашақта да ұдайы нығая беретініне сенім білдірді”, – делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия президенті Константинос Тасуластың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, достас грек халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.