Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлім етті. Әлем кубогының бірінші кезеңі World Boxing аясында 30 наурыз-6 сәуір аралығында Бразилияда өтеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Kazinform.
Бұл жарыста еліміздің атынан Нұрзат Оңғаров (50 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (55 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Алмат Әбдуәлі (65 келі), Дархан Дүйсебай (70 келі), Диас Молжігітов (80 келі), Дәулет Төлемісов (85 келі) және Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары) шығады.
World Boxing турнирі үш кезеңнен тұрады. Eкінші кезең 30 маусым-7 шілде аралығында Қазақстанда болады. Ал үшінші кезең 21-27 шілде аралығында өтеді. Бірақ оның өтетін орны әзірге белгісіз.
Еске салсақ, Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) 144-сессиясында 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына боксты қосу туралы шешім қабылданды.