22-23 наурыз күндері ARDA TEAM командасы Riviera International School by Quantum және Copa.kz спорт дүкенінің қолдауымен 2015-2016 жылы туған жасөспірімдер арасында Наурыз мерекесіне орай футбол турнирін ұйымдастырды.
Турнирге қала мен облыстың алты футбол мектебінен сегіз команда, 96 жас футболшы және 8 жаттықтырушы қатысты.
Жарыста А тобында Invictus Maneo, ARDA B, Senim A, ZhaStar командалары сынға түссе, В тобында Жас-Тұлға, Aibyn 2016, ARDA A, Senim B командалары бақ сынасты.
Турнирге қатысқан барлық командалар грамоталар мен медальдарға ие болды, ал жеңімпаздар кубоктар, медальдар, сертификаттар және демеушілерден арнайы сыйлықтармен марапатталды.
- Бұл шара балалар мен жасөспірімдер футболын дамытып, қолдауды, футбол клубтары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуды, жас спортшылардың шеберлігін арттырып, тәжірибе жинақтауына мүмкіндік беруді мақсат етеді. Сонымен қатар жеткіншектердің футболға деген қызығушылығын арттырып, олардың шеберлігін шыңдауға және достық қарым-қатынасты нығайтуға үлкен үлес қосты, — дейді жарысты ұйымдастырушылар.