Current Date: 26-03-2025

Түркітілдес халықтар Наурыз мерекесін атап өтті

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Стамбұлдағы Топкапы сарайы саябағында Түркияда тұратын түркітілдес халықтардың өкілдері Наурыз мейрамын атап өтті. Қазақ, қырғыз, өзбек, әзірбайжан сияқты туыстас халықтардың өкілдері ұлттық тағамдарын пісіріп, дәстүрлі өнерлерін көрсетті. Қазақстаннан, Өзбекстан мен Татарстаннан келген әртістер ән айтып, би биледі. Бұдан бөлек қолөнер бұйымдары көрмесі мен ұлттық киімдердің көрсетілімі де болды. Мерекелік шараға жиналған қонақтар Наурыз алауынан секіру, қызған темірді төске салып ұру сияқты түркі халықтарының ежелгі дәстүрін жаңғыртты.

Айдос Әшімұлы