Қазақстан әлемде 78-ші орынды иеленіп , ТМД және Орталық Азия елдері арасында Түркіменстаннан ғана жоғары тұр
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Биыл қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда медициналық қызмет көрсетумен байланысты 1,3 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 43,2%-ке артық, деп хабарлады Energyprom.kz.
Оның 1,2 мыңы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнаманы бұзуға қатысты.
Әкімшілік жауапкершілікке тартылған мамандар саны 1,1 мың адамға жетіп, 28,7%-ке өскен. Жалпы 11,1 млн теңге айыппұл салынған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 4,4 млн теңгеге көп.
Ceoworld Magazine денсаулық сақтау жүйесінің сапасы бойынша елдер рейтингінде Қазақстан әлемде 110 елден 78-ші орынды иеленіп, ТМД және Орталық Азия елдері арасында Түркіменстаннан ғана басым түсті.
Жалпы Қазақстанда биылғы қаңтар-ақпан айларында денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру саласына 50,1 млрд теңге инвестиция салыны, бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 48,8%-ке артық.