0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Ақмола облысында наурыздың 28-і мен 31-і аралығында ауа температурасы 8-15 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін. Қардың күрт еруі салдарынан Есіл, Нұра, Жабай және Колутон өзендерінің су деңгейі көтеріліп, қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін деген дабылды ескерту жарияланды. Өңірде қар еруі қарқын алған, аталған өзендердегі мұз қабаты да әлсіреді.
Надежда Гуришкина, «Қазгидромет» РМК Ақмола облыстық филиалының бөлім басшысы:
Бүгінде Сілеті мен Есіл өзендерінің кейбір бөліктерінде және Қылшақты, Шағалалы өзендерінде мұз толық еріді, су тасу қаупі жоқ. Десе де, жақын күндері ауа температурасының жоғарылуынан өңірдегі негізгі Есіл, Жабай, Колутон және Нұра өзендеріндегі мұз қабаты қарқынды ериді. Оған дала суы қосылуы салдарынан су деңгейі көтеріліп, шекті деңгейінен асуы мүмкін деген қауіп туындап отыр.
Бибінұр Әмірханқызы