Current Date: 31-03-2025

Арабша жазуы бар Қазақстан туы сатылымнан алып тасталды

Wildberries компаниясы араб жазуы бар Қазақстан туларының сатылымнан алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде қыздардың қолында Қазақстан туы бар сурет таралған еді. Онда тудың үстіне арабша жазу жазылған. Осы факті бойынша полиция мемлекеттік рәміздерді қорлау бабымен қылмыстық іс қозғады, деп жазады Stan.kz.

Қазақстандықтар Wildberries платформасында осындай тулардың шамамен 5 мың теңгеге сатылғанын байқағаннан кейін, компания тауарды тексеруге кірісті.

"Тексеруден кейін бұл тулар платформадан бұғаттау туралы шешім қабылданды. Wildberries алаңда кез келген адал емес әрекеттермен белсенді күрес жүргізеді", – деп мәлімдеді маркетплейс.

Компания өз клиенттері, құқық иелері, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өтініштеріне әрдайым жедел әрекет ететінін айтты.