Current Date: 31-03-2025

Оралда жұмысшы әйелдерге құрмет көрсетілді

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Оралда жұмысшы әйелдер форумы өтті. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылған іс-шарада ерлермен қатар иық тіресіп еңбек етіп жүрген әйелдер қауымына құрмет көрсетілді. Инженер, құрылысшы, техник, кәсіпкер, тігінші, кондитер, басқа да мамандар өз өмір жолы, сүйікті кәсібі туралы жан-жақты баяндады. Бұл – форумға қатысып отырған жастардың осы салаға қызығушылығын оятуға сеп болды. Іс-шара аясында тек жұмысшы әйелдер ғана емес, оларға қызмет беріп, барлық жағдай жасап отырған кәсіпорын басшылары да марапатталды. «Amanat» партиясы мұрындық болған форум еңбек нарығында сұранысы жоғары мамандықтарды дәріптеуді көздейді.

Айнагүл Байғалиева, құрылысшы:

Жалпы еңбек өтілім 23 жыл, құрылыс саласында еңбек етіп келе жатырмын. Үйлер мен балабақшалар, мектептер, амбулаториялар, тасқында да былтыр үйлер салдық. Біздің кәсіпорында 50% әйел адамдар жұмыс істейді.

Азамат Сафималиев, «Amanat» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы:

Біздің әлеуметтік-экономикалық дамуымызға үлесін қосып жүрген әйел адамдардың сандық мөлшері 42 пайыз. Соған байланысты біз әйелдер форумын өткізіп, облыс бойынша ауқымды қызмет атқарып жүрген әйел адамдарды көрсетіп, құрметтеп жатырмыз.

Ардақ Мұратқызы