Петропавлда төрт жасөспірім мұз астына түсіп кете жаздаған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
29 наурызда Петропавлда 2010, 2011 және 2013 жылы туған төрт жасөспірім Пестрое көліне мұзға шыққан. Оларды бей-жай қарамайтын адамдар байқап, құтқарушыларға хабарлаған.
Балалар жағадан бір жарым шақырым жерде болған. Құтқарушылар оларды жағаға алып шықты.
Кәмелетке толмағандардың айтуынша, олар қауіпті білмей, мұзда ойнаған.
"Мұз қауіпсіз болып көрінсе де жұқа болуы мүмкін. Ата-аналар балаларына ережелерді түсіндіруі, ал ересектер мұндай жағдайларға бей-жай қарамауы керек", — деп ескертті құтқарушылар.
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!